$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Сауд Арабиясы мұнай бағасының арзандауынан бюджет тапшылығын тартуы мүмкін

AstanaTV
26.12.2014ж. 13:00
1374
Сауд Арабиясы мұнай бағасының арзандауынан бюджет тапшылығын тартуы мүмкін

Мұнай бағасының құлдырауынан Сауд Арабиясы бұрын-соңды болмаған бюджет тапшылығына тап болды. Ел 2015 жылдың мемлекеттік бюджетін 39 млрд доллар көлеміндегі дефицитпен бекітті. Осындай ақпаратты елдің қаржы министрлігі ресми сайтында жариялады, деп хабарлайды «Рейтерс» агенттігі.

Ведомство тапшылықты «қара алтын» бағасының төмендеуімен түсіндіріп отыр. Сауд Арабия бюджетінің 90 пайызы мұнай экспортына тәуелді екені белгілі.

Айта өтейік, 2015 жылға қабылданған мемлекеттік бюджеттің шығыны 229 млрд доллар көлемінде шақталса, кіріс 190 миллиард долларға ғана жетеді деген болжам бар. Сарапшылар мұндай жағдай мұнай өндірісі қысқарса ғана оңалады деп болжайды. Алайда, ресми Эр-Рияд мұнай өндірісін қысқартпайтынын мәлімдеген.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА

Келесі жаңалық