Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Тараздық тұрғын үнемді жылыту қазандығын ойлап тапты

AstanaTV
26.12.2014ж. 20:00
993
Тараздық тұрғын үнемді жылыту қазандығын ойлап тапты

Тараздық тұрғын Тұрғанбек Қыпшақбаев үнемді жылыту қазандығын ойлап тапты. Ерекшелігі сол - пеш қоршаған ортаны ластамайды. Кез-келген мекемені көмірмен де, газбен де жылытады. Әрі өзге пештер секілді тоқ көзін пайдаланбайды екен. Өнертапқыштың жаңалығын қазірдің өзінде бірнеше аудан мен ауылдың мектеп, мәдени ошақтары пайдаланып, игілін көруде. Мұндай жарқын жобалар «ЕХРО-2017» көрмесі қарсаңында құптауға тұрарлық бастама болатынына сенеді. Қарапайым ауыл тұрғынының инновациялық даму жолында жасаған жетістігі жайлы тілшіміз Данияр Әлімқұлдың материалынды. 

Пайғамбар жасына жеткен Тұрғанбек Қыпшақбаев мына қазандықты 17 жыл бұрын жасапты. Патенттелген. Өндірістегі қазандықтардан өзгешелігі - ток көзін тұтынбайды. Әрі табиғатқа зиянсыз, таза түтін бөледі.

Тұрғанбек Қыпшақбаев, өнертапқыш:

Мына жерде қазір 80 градус жылылық болатын болса, мұнау кетіп жатқан температурасы бар болғаны 50-55 градус. Ал, мынаны мен ұстай алмаймын, ыстық суды. Ал, мұржаны ұстап тұра берем, қараңыз. Өйткені пайда болған энергия тасығыш суға беріліп, мына жүйе бойынша, табиғи циркуляция бойынша айналып жатыр. Қоршаған ортаға, атмосфераға кетіп жатқан жоқ. Энергия суға беріліп жатыр.

Автордың айтуынша, оның жаңалығын бұл күнде Талас, Сарысу ауданы мен Қаратау қаласының түрлі мәдени ошақтары орнатып алған. Сонымен қатар, Жамбыл ауданы, Бесағаш аулының 50-ден аса тұрғыны пайдаланып отыр, дейді.

Кеңесбек Ғалиақпаров:

Осы пешті 1997 жылы Тұрғанбек ағамыз келіп, газға, көмірге екеуіне бірдей істеп  берді. Бұның бір жақсы жері: өткенде газ жағынан авария болды, сонда қақаған аязда 3 күн газ жоқ, сонда 1 шелек көмірмен от жақтық. Бір жағынан көмірге де  жанады.

Сәуле Абдуманова:

Бұл кісі басқа бір проектімен соқтым деді. Расында бір керемет болды. Жеңіл-желпі жүріп, балаларымыз ауырмай жақсы болдық.

Ал, аймақтық кәсіпкерлер палатасындағылар бұл бастамаға бір жыл бұрын ғана мән беріпті. Алдағы уақытта тегіс халық тұтыну үшін, жоба әлі де пісу керек, дейді.

Үсен Өмірбаев, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің басшысы:

Қазандығы, расында, - көмірді үнемдеуде таптырмас дүние. Әсіресе, бюджеттік мекемелерге экономикалық жағынан өте тиімді. Ол кісінің өндірістік цехы мен жабдықтары да жоқ. Оларды алу үшін қаншама қаржы керек. Біз оны бере алмаймыз.

Данияр Әлімқұл, тілші:

Расымен де, авторы айтқандай, қазандығының жылыту жүйесі энергияны мұржа арқылы далаға кетірмейді. Сондықтан мен де, мына құбырын қиналмастан, қос-қолдап ұстай аламын. Өйткені жылуды мұржа емес, мына су құбыры сіңіріп отырады. Кәнігі өзімізде және шетел тәжірибесінде мүлде жоқ нәрсе дейді. Инновацияның игілігі деген осы болса керек. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ