Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтөбе облысында темір жол вагондарына тас лақтыру жиілеп кеткен

AstanaTV
29.12.2014ж. 10:00
1226
Ақтөбе облысында темір жол вагондарына тас лақтыру жиілеп кеткен

Ақтөбе облысында соңғы кездері темір жол вагондарының терезелеріне тас лақтыру оқиғалары жиілеп кеткен. Бұл жайында арнамызға көлік полицейлері айтты. Олар бұзақыларды әкімшілік жауапкершілікке тартумен қатар, қылмыстық іс қозғап, сотқа жолдауға мәжбүр екендерін жасырмайды. «Жыл басынан бері тек Қандыағаш станциясында бұзақылар 6 вагонның терезесін сындырған. Ақтөбеде де мұндай сотқарлар кездесіп отыр», - дейді.

Олардың дерегінше, негізінен мұндай қадамға жасөспірімдер барады. Осының салдарынан пойыздағы жолаушылар жарақат алып, дәрігерлер көмегіне жүгінеді. Сонымен қатар, көлік қатынас саласына да айтарлықтай шығын келеді.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қылмыстық кодекстің вандализм бабы бойынша 2 іс қозғалып сотқа жолданған. Тағы 2 дерек бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Аслан Қопашев, Ақтөбе станциясы ІІЖБ бастығының орынбасары:

Ата-аналарға айтатынымыз, ескертетініміз, колледж студенттері, мектеп, интернаттағы балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізулерін сұраймыз. Сондай-ақ, ересек адамдар алкогольдік ішімдік ішу кезінде осы жол жүру, пойызда темір жолдан өту кезінде ережені қатал сақтау сұралады.

Мансұр ЕСҚОЖИН

Алдыңғы жаңалық