$529.7 €545.96 ₽5.17
×

ҰОС ардагерлерін Алматы билігі де құттықтады

AstanaTV
29.12.2014ж. 10:00
1052
ҰОС ардагерлерін Алматы билігі де құттықтады

Елбасы жариялаған Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдаудың жалпы ұлттық акциясы Алматы қаласында да жалғасын тапты. Осы демалыс күндері қала басшысы бірнеше ардагерге Президенттің құттықтауын жеткізіп, жаңа жылдық дастархан мәзіріне толы себет сыйлады. Біздің елде бұрынғы ТМД елдерінің ішінде алғаш болып майданда қан кешкен қарттарды арнайы құттықтау шарасы қолға алынып отыр. Осы жолы еліміздегі 5115 қарт майдангердің әрқайсысы Мемлекет басшысының құттықтау хаты мен сыйлығын алады.

Аталған сый-сияпаттарды Елбасының тапсырмасымен облыс, қала, аудан әкімдері соғыс ардагерлеріне арнайы барып табыстайды. Алматыда бүгінгі таңда 900-ден астам қарт жауынгер қалған.

Ғаббас Жұматов, ҰОС ардагері:

Бұл ерекше ықыласқа алғыс білдіремін. Мен соғысқа бірінші күннен араластым. Соңына дейін жеттім. Мәскеу, Брест қамалдары үшін шайқастық. Соның ішінде қазақ ұлтынан шыққан жауынгерлер алдыңғы шепте жүрді. Біздің жауынгер екенімізге осының өзі дәлел бола алады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ