$541.01 €640.34 ₽6.52
×

Астанаға Татарстан президенті келді

AstanaTV
29.12.2014ж. 13:00
Астанаға Татарстан президенті келді

Қазақстанға Татарстан президенті жұмыс сапарымен келді. Рустам Минниханов осы сапарында қорғаныс саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөз жүргізеді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Иманғали Тасмағамбетов пен Рустам Минниханов әскери, әскери-техникалық салалардағы әріптестікті дамыту жолдарын талқыламақ. Тараптар сонымен қатар, қорғаныс өнеркәсібі кешендерін алға бастыру бойынша жобаларды жүзеге асырмақ. Ол үшін өзара ынтымақтастықтың тиімді жолдарын қарастырады деп күтіліп отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ