Қазақ поэзиясының тағы бір көрнекті
өкілі мәңгілік сапарына аттанды. Белгілі ақын
Ибрагим Иса дүниеден озды. Бірнеше жыр жинақтары мен қайталанбас туындылардың
авторы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ибрагим Иса 65 жасында көз
жұмды. Ақынмен қоштасу рәсімі Алматыдағы
Жазушылар одағы ғимаратында өтуде.
Ибрагим Иса 1949 жылы Қызылорда облысы
Сырдария ауданында дүниеге келген. Оның
қаламынан «Алтын сырға», «Таң алдындағы ән», «Тербеледі қайыңдар», «Жанымның
жарығы» атты жинақтар туды. Өлеңдері шет тілдеріне аударылған. Сонымен қатар,
ақын көптеген танымал әндерге сөз жазған.
Базаркүл ОТЫНШИЕВА