$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қызылорда облысы Шиелі ауданында Сырдария өзенінен келетін қауіп сейілген жоқ

AstanaTV
29.12.2014ж. 20:00
1880
Қызылорда облысы Шиелі ауданында Сырдария өзенінен келетін қауіп сейілген жоқ

Қызылорда облысы Шиелі ауданында Сырдария өзенінен келетін қауіп сейілген жоқ. Су деңгейі әлі де көтерілуде. Бүгінде тасқын су Ботабай ауылына дейін жетіп, бес үйді алып қалған. Зардап шеккендер жоқ. Су басқан аумақтан 100-ге жуық адам мен ірі-қара мал дереу қауіпсіз аумаққа көшірілді. Ауылдағы 180 отбасы өзге жақтағы туыстарын паналауда.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Шиелі ауданында 22 желтоқсанда Ботабай ауылымен көршілес Жөлек ауылы суда қалып қоя жаздаған еді. Дер кезінде көмек жетіп, судың беті қайтарылған болатын. Енді өзен жиегіндегі өзге де елді мекендерге қауіп төніп тұр. Барлық құтқару қызметтері тәулік бойғы жұмысқа көшірілді. Төтенше жағдай мамандары арнайы техника мен  мамандар жеткілікті деп отыр. Қорғаныс бөгеттері бекітіліп, құтқарушылар су алған аймақта жұмыстарын бастап кеткен.  

Мұрат Келесов, Қызылорда облысы ТЖД басқарма бастығы:

Күн жылып кеткен соң, осындай жағдай болып жатыр ғой. Негізі мұз қатқан соң, су мұздің астымен кету керек еді. Кептеліс болғаннан кейін, су келіп тірелгеннен кейін, осындай жағдай болып жатыр. Негізі қорқыныш жоқ.

Шарипа САҚТАПОВА