$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Президент Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады

AstanaTV
29.12.2014ж. 20:00
1023
Президент Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады. Бұл туралы «Ақорданың» баспасөз қызметі хабарлады. Иманғали  Тасмағамбетов кездесу барысында Мемлекет басшысына министрліктің атқарған жұмыстары мен келер жылға жоспарланған жұмыстары туралы баяндады. Қазақстан әскерін заманауи қару-жарақпен және  техникамен жабдықтау жөнінде жүргізіліп жатқан шаралар жайы да айтылды.

Елбасы Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін әрі қарай жетілдіру мен елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудың маңыздылығына назар аударды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қорғаныс министріне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ