$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Ғ.Мұстафин ауылынан су сорғызу кезінде екі адамның мәйіті табылды

AstanaTV
17.04.2015ж. 20:00
Ғ.Мұстафин ауылынан су сорғызу кезінде екі адамның мәйіті табылды

Қарағанды облысында су тасқаны аймағында мәйіттер табылды. Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин ауылынан су сорғызу кезінде екі адамның мәйіті табылды. Бұл деректі облыстық төтенше жағдай жөніндегі департамент мамандары растады. Тұрғындар топан судың құрбаны ма, әлде кісі қолынан қаза тапты ма, әзірге белгісіз. Бұл сұраққа жергілікті полиция жауап іздеуде.

Жастары 80-ге тақаған екі қарияның мүрдесін құтқарушылар Әлмағамбетов көшесінде орналасқан 15-ші үйдегі суды сорғызу кезінде тапқан. Марқұмдардың тегі бір болғандықтан, ерлі-зайыпты болуы әбден мүмкін деген болжам бар. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, Нұра өзенінің арнасынан тасуы салдарынан Ғабиден Мұстафин ауылын 11 сәуірде сел басқан еді. Елді мекендегі сексеннен астам тұрғын үй су астында қалды. 

Қуаныш Муталлапов, Қарағанды облыстық ТЖД ресми өкілі:

Үйлерден су сорғызу және барлау кезінде Әлмағамбетов көшесі 15 үйден екі адамның мәйіті табылды. Олар 1939 жылғы Вакулько Василина Васильевна және Вакулько Юрий Петрович, 1937 жылғы. Олардың қайтыс болу себебін полиция анықтауда.

Айжан ҚУАШ