$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Швецияда бір апта ішінде екі бірдей мешіт өртке оранды

AstanaTV
30.12.2014ж. 10:00
1102
Швецияда бір апта ішінде екі бірдей мешіт өртке оранды

Швецияда бір апта ішінде екі бірдей мешіт өртке оранды. «Бұл жолы жанған құлшылық орны Эслёв қаласында орналасқан», - деп хабарлайды «Рейтерс». Құтқарушылар қызыл жалын уақытылы сөндірілді, зардап шеккендер жоқ деген. Құқық қорғаушылар ғибадатханаға белгісіз біреулер қасақана от салды деп күдіктенеді. Дәл қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін елдің Эскильстуна қаласында да мешіт өртенген-ді. Ол жолы 5 адам зардап жеккен. Полицейлер күдіктіні қолға түсіре алмай отыр. Олар оқиғаны «Швед демократтары» партиясының мигранттарға қарсы өткен шерулерімен байланыстырады. Белсенділер босқындарға берілетін саяси баспананы 90 пайызға қысқартуды талап етуде.

Айгүл ӘДЕПБАЙ