«Ислам
мемлекеті» мен «Джебхат ан-Нусра» ұйымдарына Ресейде тыйым салынды. «Жоғарғы
сот оларды террористік топтар деп таныды», - деп хабарлайды «РИА
Новости».
Аталған халықаралық ұйымдарды лаңкестік деп тану бойынша өтінішті бас
прокуратура қараша айында жасаған болатын. Араға бір ай салып, олардың Ресейдегі
әрекеті заңсыз деп танылды.
«Ислам мемлекеті» 2006 жылы құрылды. Бүгінде ол
Ирак пен Сирияның жартысын басып алып, ол жерде халифат құрды. Ирак пен
Сирияның әскері, күрд жасақтары, сонымен қатар халықаралық коалицияға мүше
елдер мен АҚШ оларға қарсы күрес жүргізіп отыр. Бірақ «Ислам мемлекеті»
оңайлықпен бірілмей келеді. Тіпті олардың қатары күн санап артуда. Арасында
еуропалық азаматтар да бар. Ал «Джебхат ан-Нусра» 2012 жылы Сириядағы азаматтық
соғыз кезінде құрылған ұйым. Бұл «Әл-Каида» халықаралық ислам террористік
ұйымының бөлімшесі деген ақпарат та бар.
Айгүл ӘДЕПБАЙ