Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Травматикалық қару шабуылдың құралына айналып отыр

AstanaTV
30.12.2014ж. 10:00
1447
Травматикалық қару шабуылдың құралына айналып отыр

Халықтың қолда бар қаруын сатып алуға Үкімет 2 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсамақ. Өйткені «травматика қорғанудың емес, қарақшылық қылмыстың қаруына айналып барады» дейді Ішкі істер министрлігі басшылары. Жылды қорытындылаған баспасөз мәслихаты барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев үрейлендіретін сандармен бөлісті. Оның айтуынша, жарақаттағыш тапаншаларды қорғану үшін қолданған жағдайларды саусақпен санап алуға болады. Соңғы бес жылдың статистикасы - соның айғағы.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР ІІМ вице-министрі:

Соңғы 5 жылда 26 жағдай тіркелді. 2008 жылы және 2009 жылдары бір де жағдай тіркелген жоқ. 2010 жылы - үш, 2011-де - 8, 2012 жылы - 6, 2013-те - 8 және 2014 жылы травматиканы қорғану мақсатында қолданған бір де бір жағдай тіркелген жоқ.

Есесіне тек биыл травматикалық қаруды қолданумен 244 қылмыс жасалған. Бұл қару-жарақтың қатысумен тіркелген барлық қылмыстың 53 пайызы. Ал соңғы бес жылда травматиканы қолданумен жасалған 1300-ден астам қылмыс тіркеліпті. Оның 800-ге жуығы әлі ашылмаған. «Қылмыстардың артуына жоғалған қару-жарақ та себеп»,- дейді полицейлер. Соңғы бес жылда 1300 қару жоғалса, 800-дейі ұрланған. Жарақаттағыш қару арқылы жасалған қылмыстар санын азайту мақсатында, бюджеттен 1 млрд 880 миллион теңге бөлінген. Осы ақшаға енді қазақстандықтардың қаруы сатып алынбақ.

Брифингте, сонымен қатар, қымбат нөмірлерді сатудан түскен қаражат туралы да айтылды. 28 желтоқсанға тіркелген мәлімет бойынша, құны 821 млн теңгеден асқан екі жарым мыңға жуық «әдемі» нөмір сатылған.

Айгүл ӘДЕПБАЙ