Астана халықаралық
әуежайында ұшып келуі тиіс 8 ұшақ пен қонуы тиіс 6 рейс уақытынан кешігіп
жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады. Бөгеліп жатқан ішкі
рейстердің көбі Қызылорда бағытымен байланысты. Өйткені аймақты қалың тұман
басқан. Сондай-ақ, Абу Даби мен Лондонға ұшатын рейстер кешігуде. Ал бүгін
Франкфуртке ұшатын рейсті «Люфтганза» әуе компаниясы мерекеге байланысты кейінге
шегергенін хабарлады.
Сондай-ақ, Алматыда қалың тұманның кесірінен 10 рейс
тоқтатылды, 5 рейстің ұшатын уақыты кейінге шегерілді. Бұл туралы ақпарат
Алматы халықаралық әуежайының сайтында жарияланды. Нақтыласақ, Алматыдан Мәскеу
мен Көкшетауға ұшатын екі рейс кейінге қалдырылған. Дубай, Үрімжі, Франкфурт
және Алматы-Астана бағытындағы 3 рейс
тоқтатылды. Өскемен, Астана, Куала-Лумпурдан Алматыға келетін, Франкфурттан
Алматыға келуі тиіс 3 рейс шегерілді. Ұшу режимі тұман сейілген соң қайта қалпына
келтіріледі.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ