Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

БҚО-ның ауылдарына Жаңа жыл мерекесіне дейін электр қуаты беріледі

AstanaTV
30.12.2014ж. 13:00
1315
БҚО-ның ауылдарына Жаңа жыл мерекесіне дейін электр қуаты беріледі

Қараңғыда қалған ауылдарға Жаңа жыл мерекесіне дейін электр қуаты беріледі. Батыс Қазақстан облыстық электр желілерін таратушы компания өкілі арнамызға осылай деп мәлімдеді. Еске салайық, аймақтағы бірнеше ауыл 10 күннен бері жарықсыз отыр. Нақты айтсақ, облыстың үш ауданында 830-дай тұрғыны бар 4 ауылда жарық жоқ. Электр желілеріне қатқан мұздан құлаған 900 бағананың 774-і қайта қалпына келтірілді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 19  жауып, салдарынан электр сымдарына қалың мұз қатқан. Тозығы жеткен бағандар құлап, электр сымдары үзілген. 30 мыңнан астам отбасы жарықсыз қалған еді. Осыған орай  аумақтарда төтенше жағдай жарияланған.

Қуат Мусин, «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ директоры:

Өзіміздің жоспарымыз бойынша, Жаңа жылда түгелдей облыс бойынша тұтынушылардың электр энергиясы үйлерінде болсын деп тырысып жатырмыз. Осыған байланысты бүгін хатымызды әзірлеп отырмыз төтенше жағдайлар департаментіне, төтенше жағдайдың күшін жою үшін.

Еркін КАРИН