$482.86 €533.17 ₽5.08
×

Украина Жоғарғы радасы 2015 жылдың бюджетін бекітті

AstanaTV
30.12.2014ж. 13:00
721
Украина Жоғарғы радасы 2015 жылдың бюджетін бекітті

Украина Жоғарғы радасы 2015 жылдың бюджетін бекітті. Онда мемлекеттік шығындар мен субсидиялар қысқарған. Financial Times басылымының жазуынша, бұл қадам Киевтің халықаралық валюталық қордан қосымша несие алуына жол ашпақ. Қордың есебінше, бұл елге беріледі деп жоспарланған 17 миллиард доллардан бөлек тағы 15 миллиард қажет.

Қазір Украинада жеке тұлғалардың табыс салығы 17-ден  20 пайызға ұлғайтылды. Сондай-ақ көлік, офшордағы дивиденд, темекі мен алкоголь өнімдеріне де салық өсті. Бұл қадам елдің шағын және орта бизнесін демеп, құлдыраған экономиканы көтеруге бағытталып отыр. Еске салсақ, Украинаның сыртқы қарызы 1 триллион гривеннен асып кеткен.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ