Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Еліміздің бірнеше қалаларында ішкі және сыртқы әуе рейстері кейінге шегерілді

AstanaTV
30.12.2014ж. 20:00
1010
Еліміздің бірнеше қалаларында ішкі және сыртқы әуе рейстері кейінге шегерілді

Еліміздің бірнеше қалаларында ішкі және сыртқы әуе рейстері кейінге шегерілді. Оның түрлі себебі бар. Бұл туралы біздің арнамызға Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады. Белгілі болғандай, 19 әуе кемесі өз уақытынан кешігіп жатыр. Олар «Эйр Астана», «Скат» және «Әл-арабия» әуе компанияларының ұшақтары.

Бөгеліп жатқан ішкі рейстердің көбі Қызылорда бағытымен байланысты. Өйткені аймақты қалың тұман басқан. Сондай-ақ, Абу Даби мен Лондонға ұшатын рейстер кешігуде. Ал бүгін Франкфуртке ұшатын рейсті «Люфтганза» әуе компаниясы мерекеге байланысты кейінге шегергенін хабарлады. «Эйр Астана» компаниясының ішкі рейстері ауа райына байланысты уақытынан қалып отыр. Ал Шымкент пен Өскеменге бағыт алған әуе кемелері техникалық ақауына байланысты шегерілген. Ұшу режимі тұман сейілген соң қайта қалпына келтіріледі деп күтілуде.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА