Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

AirAsia ұшағы апатына ауа райы себеп болуы мүмкін

AstanaTV
05.01.2015ж. 10:00
1378
AirAsia ұшағы апатына ауа райы себеп болуы мүмкін

Индонезия жағалауындағы әуе апатының орын алуына қолайсыз ауа райы басты себеп болуы мүмкін.  Индонезияның метеорологиялық орталығы анықтағандай, малайзиялық AirAsia әуе компаниясының ұшағы Яван теңізіне ауа райындағы қолайсыздыққа байланысты құлаған. Аталған орталық болған жайтқа орай өз тексерулерін жүргізіпті.

Зерттеу қорытындысына сай, ұшақтың қозғалтқышына мұз қатқан. Метеоролог мамандар, лайнер құлардан бұрын бұлттардың арасында қатты желге тап болған, деп санайды. Дегенмен ұшақ апатының нақты себептері әлі белгісіз. Қазір мамандар қара жәшікті іздестіруде.

Еске салсақ, Сурабайдан Сингапурды бетке алған әуе көлігі 28 желтоқсанда Яван теңізі маңында жоғалған болатын. Бортта 155 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі болды. Тергеушілердің дерегіне сүйенсек, ұшып келе жатқан лайнер қатты желден қашып, бұлттардың арасында бірден биіктікке көтерілген. Іздестіру шаралары барысында 30 адамның мәйіті табылды. Дегенмен іздеу-құтқару шаралары кеше қайта жалғасты.

Т. ОСПАНБАЕВА