«Бұдан
былай елімізде экономикалық қылмыс үшін бас бостандықтан айырмайды»,
- деп
жазады «ҚазТаг»
агенттігі. 2015 жылдың 1 қаңтарынан жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енді. Оған
сәйкес экономикалық қылмыстардың басым бөлігі қылмыстық жазық санатына өтті.
Демек, шалыс басқандардың барлығы дерлік
сотты болмайды. Сондай-ақ экономикалық қылмысқа барғандар, айыппұлды толық
өтеген жағдайда,
бас бостандығынан айырылмайтын болды.
Ал қауесет таратқандар,
керісінше, қатаң жазаланады. «Жалған мәлімет
тарату»
бабына сай, ең ауыр жаза ретінде 10 жылға дейін бас бостандығынан
айыру жазасы қарастырылған. Бұқаралық ақпарат құралдары немесе әлеуметтік желілер арқылы өсек
таратқан адамға 5 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, ең
жеңіл жаза ретінде қылмыскерді түзету
жұмыстарына жіберуі мүмкін.
Еске салайық,
жаңа Қылмыстық кодекс пен «ҚР Қылмыстық заң
жобасын жетілдіру мәселелері жөнінде кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Қазақстан
Президенті өткен жылы қол қойған.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА