$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Теңге тапшылығы тіркелді

AstanaTV
25.01.2016ж. 20:00
1571
Теңге тапшылығы тіркелді

Демалыс күндері Алматы, Астана мен Шымкенттегі айырбас бекеттерінде теңге тапшылығы байқалды. Халық шетел валютасын сата алмай қиналды. Ал АҚШ валютасын қабылдаған бірнеше айырбас бекеттерінде ұзын-сонар кезек болды. Шымкенттегі көптеген валюта айырбастау бекеттерінде теңге тапшылығы әлі де бар. Кассадағылар мұны теңгенің таусылуымен байланыстырды. 

Вчера доллары не могли продать, люди не брали. Чуть-чуть растет сейчас.

Бүгін Алматының да ақша айырбастау бекеттері АҚШ ақшасын алудан бас тартты. Ірі ақша айырбастау желілілері, тіпті бір Америка валютасын да қабылдауға теңгенің жоқтығын айтса, кейбір ұсақ айырбастау пункттері, ары кетсе 200-500 АҚШ қаржысынан ғана сатып алуға мүмкіндігі барын, мәлімдеді.

Доллары все сдают, а никто не покупает. Если покупали, тенге был бы.

Төл валютамыздың неліктен айырбасқа түспей жатқандығына қатысты Ұлттық Банк ресми мәлімдеме таратқан жоқ. Ал, Tengrinews.kz ақпарат порталына сұхбат берген елордадағы "Байлық финанс" айырбас бекетінің басшысы, айырбас пункттері демалыс күндері теңгені көп сақтамайтынын айтқан.

«Біріншіден, ақша айырбастау орындары да қорқады. Біз дүйсенбі күні бағамның не болатынын білмейміз. Яғни доллардың үнемі өсуінен теңгені көп сақтамаймыз. Сонымен қатар, ақша айырбастау орындары қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Біз бағамды өзіміз реттей алмаймыз».

Берік ХАСЕНОВ