Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Біртұтас төлем орталығындағы қарбалас

AstanaTV
06.01.2015ж. 10:00
1103
Біртұтас төлем орталығындағы қарбалас

Коммуналдық қызметтер ақысының  бір түбіртекке телінуі тұрғындардың барлығына бірдей қолайлы деп айтуға келмейтін секілді. Кейбір қалаларда Біртұтас төлем орталығының қызметі әлі де жолға қойылмай жатқаны анық. Мәселен, Шымкентте жаңа жүйе бойынша тұрғындар төлем жасау үшін орталықтандырылған мекемеге барады. Осы себепті ұзын-сонар кезек туындап жатқан жайы бар. Мәселен, желтоқсан соңында тұрғындар төлем жасау үшін, күні бойы кезекте тұрған. «Жаңа жүйе бойынша қызмет ақысын  төлеудің бұдан басқа да қиындығы бар»,- дейді шымкенттік Сағира Нарбекова . Мәселен, ол сапасыз берілген жылу үшін төлем жасаудан бас тартып, тіпті сотқа жүгінуге әзірленіп жүргенде, қосақталып келген түбіртек оны еріксіз төлем жасауға мәжбүрлегендей болғанын айтады.

Сағира Нарбеков, Шымкент қаласының тұрғыны:

Мен үшін бір түбіртекпен төлеудің қиын жағы - менің жылудың берілуіне, сапасыздығына көңілім толмайды. Сондай қиындықтар бар. Сол жағы маған тиімсіз. Соны әкелді де, осы бір түбіртекке қосып жазып қойды. Төлемеуге тағы болмайды. Өйткені бәрін бір қағазға  жазылғаннан кейін, бір жерден төлеп кетуім керек. Осы жағы маған тиімсіз болып тұр.

Ал «Энергопоток» ЖШС-нің  қызметкерлері болса, бұл қиындықты тұрғындардың түбіртекті қолына тиген мезетте емес, керісінші айдың соңына шейін созып жүріп алуымен байланыстырып отыр. Желтоқсанда 150 мың тұтынушыға қызмет көрсетілген екен. Солардың 80 мыңы айдың алғашқы жартысында есеп айырысса, қалған 70 мыңы тек соңғы онкүндікте төлем жасауға келгенін айтады.

Дариға Ахметова, «Энергопоток » ЖШС бас есепшісі:

Біздің халқымыз жаңа жылға өздерінің қарыздарын сүйремейік, барлық қарыздардан құтылайық деп, желтоқсан айында адамдардың көбейгені де сол. Қазіргі таңда біздің партнерларымыз - біздің екінші деңгейлі банктер және «ҚазПоштамен» - келіссөздер жүріп жатыр. Олар өзімізде қосыламыз бұл жаңа проектке, қабылдаймы , өзіміздің компьютерлер жүйелер интеграциясы біткеннен кейін, мейлінше тез қосылуға әрекет жасаймыз деп отыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ