Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстанда жәбірленушілерге өтемақы төлеуге арналған арнайы қор құрылмақ

AstanaTV
06.01.2015ж. 13:00
984
Қазақстанда жәбірленушілерге өтемақы төлеуге арналған арнайы қор құрылмақ

Қазақстанда жәбірленушілерге өтемақы төлеуге арналған арнайы қор құрылмақ. Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасының департамент бастығы Әмірхан Аманбаев мәлімдеді. Айтуынша, қор арқылы қылмыстық әрекеттерден зардап шегіп, жәбірленген азаматтар арнайы өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілетін болады.

Әмірхан Аманбаев, ҚР Бас прокуратурасының департамент бастығы:

Өздеріңіз білетіндей, қылмыстық істердің көбінде қылмыс жасаған адам шекара асып кетіп жатады. Іздестіру шаралары ұзақ мерзімге созылып, келтірілген залал өтелмеген күйде қалып жатады. Әлемдік тәжірибеде мұндай қорлар бар және оларды қаржы министрліктері басқарады. Сондықтан қазір жаңа заң жобасын әзірлеп, жәбірленушілерге арнайы өтемақы төлеу қорын құруды қарастырудамыз.

Сондай-ақ, Бас прокуратура өкілі жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі жобасында «тергеу судьясы» лауазымы енгізілетіндігін айтты. Тергеу судьясы күзетпен ұстауға санкция беру, үй қамаққа отырғызу, медициналық мекемеге күшпен қамау, күдікті мен жәбірленушінің бір-біріне жақындауына тосқауыл қою ісімен айналысады. «Сондай-ақ, тергеу судьясы ауыр және аса ауыр қылмыстарды тергеу құқығына ие болмақ», - деді Әмірхан Аманбаев.  

Жұрағат БАМАН