Грекияның
еуродан бас тартуы мүмкін емес. Еурокомиссия осындай пікірде. Лиссабон
келісіміне сәйкес Еуропалық одаққа мүше елдер ортақ валюта қолдануы шарт.
Бұл мәлімдемеге «Шпигель» журналында
шыққан мақала түрткі болды. Басылым Ангела Меркель мен Германияның қаржы
министрі Вольфганг Шойблеге сілтеме жасап, ресми Берлин Грекияның еуроаймақтан
шығуына мүмкіндік бермек деген пікір жариялаған.
Неміс саясаткерлері бұл қадам
Еуроодақ үшін осыдан 3-4 жыл бұрынғыдай тіпті ауыр тимейді деген ойда. Ал
«Дойче Велленің» пайымынша, Германияның Грекияны еркіндікке жіберу ниеті, грек
экономикасын құтқару үшін жүргізілген төртжылдық операция сәтсіз өткенін
білдіреді. Меркельдің үкіметі одақтың Афинадан арылуы анау айтқандай шығын
емес, оны да өткеру керек деп, енді құрлықтағы көршілерін соған сендіруге
кірісті.
Қазір Грекияда парламент сайлауы өтуде. Көпшілік жеңіске Еуроодақтан
шығуды қолдайтын «Сириза» оппозициялық партиясы жетеді деген болжам жасауда.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ