Халықаралық құқық қорғаушы
ұйымдар дабыл қағуда. «Ислам мемлекеті» содырлары Ирактың солтүстігінен
мыңдаған езид қыз-келіншектерді құлдықта ұстап отыр. Бұл туралы деректі «Amnesty
International» келтіруде. Бүгінде үш мыңға жуық адам тұтқындалған. Олардың
арасында балалар мен қарттар да бар. Жоғалған азаматтар туралы ресми ақпар әлі
де жоқ. Алайда тұтқыннан құтылып кеткендер де бар. 18 жастағы Эйшаны құлдыққа
ИЛИМ-діктер бір жасар баласымен қоса алып кеткен. Оның айтуынша, содырлар
бүгінде адам саудасымен қызу айналысуда. Құлдыққа сатылған бір адамның құны 15
долларға шақ көрінеді.
Олар бізді басқа қыздармен
бірге қамап қойды. Не тамақ, не су берген жоқ. Содырлардың көзі тезірек жойылса
екен деп армандаймын. Мен және балам бейбіт өмір сүреміз деген үміттемін.
Ал бүгін күрд қорғаныс күштері «Ислам
мемлекеті» содырларын Кобани қаласынан ығыстырып шығарды деген ақпарат тарады.
Жасақ әскерлері содырлар үш ай бойы иелік еткен қаланың әкімшілік ауданын
бақылауда ұстауда. Айта кетейік, Кобани қаласындағы қақтығыстардың жалғасқанына
112 күн өтті.