$491.7 €531.28 ₽5.07
×

Алматыда жаппай жүгіру акциясы өтті

AstanaTV
08.01.2015ж. 10:00
1409
Алматыда жаппай жүгіру акциясы өтті

Алматыда қысқы уақытта жаппай жаяу жүгіру акциясы өтті. Тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға қатысушылардың қарасы қалың. Шаһардағы ең үлкен даңғылдың бойымен 3 шақырымнан 10 шақырымға дейінгі ара қашықтықты жүгіріп өту үшін үміткерлер көп болды.Таңертеңгі сағат 9-да сөреден шыққан спортсүйер қауым «Тұңғыш Президент саябағы» мен әл-Фараби-Жароков көшелерінің қиылысына дейін жүгірді. Одан соң мәреге қайта оралды.

Мұнда жеңімпаз деген болған жоқ. Кім қай уақытта келсе де, өз еркі. Осылайша, ұйымдастырушылар бұқаралық спортты насихаттауға ат салысты. Шараға 200-ден астам алматылық қатысты. Олардың арасында танымал спорт саңлақтары бар. Айта кетейік, әлем халқы 7 қаңтарды «Барлығыңыз жүгіріңіздер. Жер ғаламшары»  деген атаумен мереке ретінде атап өтті.

Мұратхан Тоқмади, ҚР әуесқой триатлоншылар федерациясының президенті:

Альпинист Мақсұт Жұмаев, желаяқ Марат Жыланбаевтар осы шараға ат салысып жатыр. Бүгін біз осы флешмобты арнайы ұйымдастырдық. Себебі жақында ішкі триатлон жарысын өткіземіз. Сосын маусым айында республика бойынша тұңғыш рет әуесқой триатлоннан халықаралық жарыс өткізуді жоспарлап отырмыз.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ