$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Қазақстан Париждегі террорлық актіні айыптайды

AstanaTV
08.01.2015ж. 13:00
944
Қазақстан Париждегі террорлық актіні айыптайды

Қазақстан Париждегі террорлық актіні айыптайды. Ресми мәлімдемені бүгін еліміздің Cыртқы істер министрлігі жариялады. Ведомство террорлық әрекет салдарынан қаза тапқан француздық «Шарли Эбдо» басылымының 12 журналисінің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Еске салсақ, кеше бетперде киген белгісіз біреулер басылым кеңсесіне келіп автоматтан оқ жаудырған. Ақпар бойынша, террористік актіні Францияның араб текті азаматтары ұйымдастырған. РБК мәліметінше, топтың Хамиде Мюраде есімді мүшесі бүгін құрықталды. Ал ағалы-інілі Саид және Шериф Куашилер әлі де іздестірілуде. Бұқаралық ақпарат құралдарының пайымдауынша, шабуыл «Шарли Эбдо» басылымындағы исламдық тақырыптағы мақаладан кейін ұйымдастырылған. Бүгінде батыс елдерінің бәрі орын алған оқиғаны террорлық акт деп атап, айып тағуда.

Еуропа және АҚШ-та оқиға құрбандарын еске алу рәсімдері өтті. Ал Францияның өзінде «антиисламдық» митингтер өтуде.

Жұрағат БАМАН