Шығыс
Қазақстан облысында өткен тәулік ішінде қар құрсауынан 143 адам құтқарылды.
Олардың ішінде 5 бала да бар. Абырой
болғанда,
зардап шеккендер жоқ. Ауа райының қолайсыздығынан Бородулихин ауданынан
жолға шыққан жеңіл көлік жолдан тайып, аударылып қалған. Құтқарушылар
көліктегілерді аман алып шықты. 5 адам Жезкент ауылына жедел жеткізілді.
Сондай-ақ, Оба кеден бекетіне жақын жерде де 7 көлік аударылып, 20 шақты адам
эвакуацияланды.
Синоптиктердің алдағы күндерге жасаған болжамдары да көңіл
көншітпейді. Айтуларынша, жел екпіні секундына
28-30 метрге дейін күшейіп, қалың қар
түседі. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шығыс қазақстандықтарға
жолға шықпау керектігін ескертіп жатыр.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА