$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулік ішінде қар құрсауынан 143 адам құтқарылды

AstanaTV
08.01.2015ж. 13:00
884
Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулік ішінде қар құрсауынан 143 адам құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулік ішінде қар құрсауынан 143 адам құтқарылды. Олардың  ішінде 5 бала да бар. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ауа райының қолайсыздығынан Бородулихин ауданынан жолға шыққан жеңіл көлік жолдан тайып, аударылып қалған. Құтқарушылар көліктегілерді аман алып шықты. 5 адам Жезкент ауылына жедел жеткізілді. Сондай-ақ, Оба кеден бекетіне жақын жерде де 7 көлік аударылып, 20 шақты адам эвакуацияланды.

Синоптиктердің алдағы күндерге жасаған болжамдары да көңіл көншітпейді. Айтуларынша
, жел екпіні секундына 28-30 метрге  дейін күшейіп, қалың қар түседі. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шығыс қазақстандықтарға жолға шықпау керектігін ескертіп жатыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах