«Қазақстан сириялық қақтығыс тек бейбіт жолмен ғана шешіледі, - деген
ұстанымға бекем байланған». Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Сирия
оппозиционерлеріне хатында осындай жауап жазылған. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Сирия оппозициясының өкілдері Астанада сириялық
келіссөздер өткізу мүмкіндіктерін талқыламақ. Бұл жайында Сирия плюралистік
қоғамы үшін қозғалысының жетекшісі Ранд Кассисқа сілтеме жасап, РИА «Новости»
хабарлаған еді.
Аталған қозғалыс көшбасшысының мәлімдеуінше, келіссөздер жасайтын топ
өкілдері, 27-ші сәуірде Астанаға келуге ниетті. Осы мәселеге қатысты
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдрысов Сириялық оппозиционерлерге хат
жолдады. Астана бейбіт келісімді қолдайтынын, сондықтан делегаттар қабылдауға
дайын екендігін хабарлаған. Бұл хаттың жолданғаннын Қазақстанның СІМ растады.
Жауап-хатта, Сыртқы істер министрі тағы да Қазақстанның Сириядағы бейбітшілік
пен тұрақтылықты орнатуға деген ұлттық және халықаралық күш-жігерді қолдайтынын
мәлімдеген.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ