Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырауда бизнестің дамуына кедергі келтірген мемлекеттік органдар анықталды

AstanaTV
09.01.2015ж. 10:00
963
Атырауда бизнестің дамуына кедергі келтірген мемлекеттік органдар анықталды

Атырауда кәсіпкерлердің аяғынан шалып, бизнестің дамуына кедергі келтірген мемлекеттік органдар анықталды. Бірінші орында - қалалық жер қатынастары мен сәулет және қала құрылыс бөлімдері тұр. Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен аймақтық «Нұр Отан» партиясы қоғамдық мониторинг жүргізіп, БАҚ өкілдеріне нәтижесін жария етті.

Атырау кәсіпкерлер палатасы басшысының мәліметінше, былтырғы жылы бұл бөлімдердің үстінен 100-ге жуық кәсіпкер шағымданған. Бизнес иелері арасында жүргізілген сауалнамаға жауап берушілердің 62 пайызы жер қатынастары мәселесінің күрделі екенін айтқан. Мәселен, қалалық жер қатынастары бөлімі жер учаскесін пайдалану мақсатын өзгерту туралы түскен шағымды қарау уақытын 2 жылға дейін созатын көрінеді. Ал эскиздік жобаны бекіту үшін шенділер кәсіпкерді 4 жылға дейін сабылтып қойған.

Ерболат Бектеміров, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Қалалық жер қатынастары бөлімі, архитектура - екіншісі, үшіншісі - антимонопольное агентство деп отырмыз. Әрі қарай, егер тағы да осы кедергілер жойылмаса, шара қолданатын боламыз. Яғни жергілікті атқарушы билік басшыларына ұсыныс берілетін болады.

«Мәселені шешудің жалғыз жолы - кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын ашу»,- дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Асылбек Жәкиев. Өйткені кейбір мемлекеттік қызметшілер бизнесмендердің құжатын өткізбек түгілі, нақты жол сілтеуді де жөн санамайтын көрінеді. Осыған орай, кәсіпкерлер үшін ашық есік күндері өткізілген.

Базаркүл ІЗІМОВА