Минскідегі
келісімдер толық орындалған жағдайда, Мәскеуге қарсы санкциялар алынуы мүмкін. «Бұл
туралы Германия канцлері Ангела Меркель айтты», -
деп хабарлайды Интерфакс. Бұл мәлімдемені Ангела Меркель Украина
премьер-министрі Арсений Яценюкпен кездескеннен кейін жасады.
Ол, сонымен қатар,
15 қаңтарда Астанада болады деп жоспарланған «нормандтық
төрттіктің»
кездесуінің өтетіні, не өтпейтіні әзірге белгісіз екенін айтты. Канцлердің
айтуынша, бұл жақын арада белгілі болмақ.
Айгүл ӘДЕПБАЙ