Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Петропавлда соқырларға арналған бағдаршамдар тиісті деңгейде істемей тұр

AstanaTV
12.01.2015ж. 10:00
1569
Петропавлда соқырларға арналған бағдаршамдар тиісті деңгейде істемей тұр

Петропавлда соқырларға арналған бағдаршамдар тиісті деңгейде істемей тұр. Бұл мәселе қалалық прокуратураның қоғамдық кеңесінде жарияланды. Солтүстік Қазақстан облысының орталығында зағип жандарға арналған 4 бағдаршам бар. Оның бүгінде үшеуі істен шыққан болуы мүмкін. Өйткені жасыл түстің жанып тұрғанынан белгі бергенімен, қызыл түске ауысқан кезде дыбыс шығармайтын болған.

Бұл жағдай, жолдан өтетін мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайсыздық туғызып отырғанын айтады. Себебі, соқырлар көше қиылыстарында тек бағдаршамның дауысына ғана сеніп өтеді. Ал кей жерлерде бағдаршамның жасыл түсі не бары 7-10 секунд қана жанады. Осы уақыт ішінде мүгедектер тек жолдың ортасына ғана жетіп үлгеретінін айтып шағымданды. Аталған проблемаларды жергілікті билік өкілдері қаперге алатындарын уәде етті.

Абзал КУРМАНКИН