Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«AirAsia» ұшағындағы «екі қара жәшіктің» қайсысы табылғаны әзірге белгісіз

AstanaTV
12.01.2015ж. 10:00
1027
«AirAsia» ұшағындағы «екі қара жәшіктің» қайсысы табылғаны әзірге белгісіз

Индонезиялық сүңгуірлер «AirAsia» ұшағының «қара жәшігін» судан алып шықты. Бұл туралы құтқару операциясының жетекшісі мәлімдеді, деп хабарлайды Рейтерс. Бұған дейін құтқарушылар қара жәшікті тауып, оны су бетіне алып шығуда қиындықтарға тап болған еді. Өйткені ол қираған ұшақтың ауыр бөлшегінің астында қалған. Құтқарушылар алдымен жәшікті басып қалған ауыр бөлшекті әуе баллондарының көмегімен алып шықпақ болды. Апат болған лайнердің «қара жәшігі» қаңтардың 11-де табылған болатын. Құрылғыда жазылған жазбаларды толық оқып шығуға екі аптадай уақыт кетуі мүмкін.

Дегенмен қораптың корпусы қатты зақымданбаған жағдайда тиісті мәліметтерді екі күн ішінде алуға болатынын айтып отыр. Алайда ұшақта екі түрлі «қара жәшік» болған. Бірі экипаж сөздерін жазуға, ал екіншісі ұшақ пен ұшудың параметрлерін тіркеуге арналған. Дәл қай жәшіктің табылғаны әзірге белгісіз деп хабарлайды ТАСС.

Айгүл ӘДЕПБАЙ