$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Астана кездесуіне Ресей басшысының қатысып-қатыспауы белгісіз болып тұр

AstanaTV
12.01.2015ж. 13:00
834
Астана кездесуіне Ресей басшысының қатысып-қатыспауы белгісіз болып тұр

Ресей басшысы Владимир Путиннің 15 қаңтарда өтеді деп жоспарланған Астана кездесуіне қатысып-қатыспауы әлі шешілген жоқ. Бұл туралы Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді деп жазады «Ведомости». Песковтың айтуынша, «Нормандтық төрттіктің» кездесуінде Ресей тарабы қатыса ма, жоқ па, ол жағы сарапшылар деңгейінде жасалып жатқан дайындықтың нәтижесінен кейін анықталмақ.

Айта кетейік, Нормандтық кездесуге Ресей, Украина, Франция мен Германия басшылары қатысады деп күтіліп отыр. Өткен айдың соңында Украина басшысы Петр Порошенко:«15-ші қаңтардағы Астана кездесуі жоғары деңгейде өтеді»,-деп мәлімдеген. Алайда осы айдың басында Еуропалық Одақ «нормандтық форматтағы» Президенттердің қатысуын нақтыламады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ