Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ресейлік режиссер Андрей Звягинцевтің «Левиафаны» «Алтын глобус» сыйлығын иеленді

AstanaTV
12.01.2015ж. 20:00
834
Ресейлік режиссер Андрей Звягинцевтің «Левиафаны» «Алтын глобус» сыйлығын иеленді

Ресейлік режиссер Андрей Звягинцевтің «Левиафаны» шет тіліндегі үздік фильм ретінде «Алтын глобус» сыйлығын иеленді. Бұл америкалық марапат мәртебесі жөнінен «Оскардан» кейінгі беделді сыйлық саналады. Әрі оның алдындағы үлкен дайындық іспетті. Марапаттау рәсімі жуырда Лос-Анжелесте өтті. Бұл жөнінде Ресей мен батыстың ақпарат құралдары жазады.

Фильмге жекелеген рецензенттер сын да айтқан. Олар Ресейдегі ахуалды тым жұтаң әрі сұрғылт қылып суреттегені үшін сынады. Картинада қатардағы азамат пен оның жеке мүлкіне қол сұққан шенеуніктің арасындағы тартыс баяндалады.

Топ жарған фильмдердің арасында сондай-ақ «Отрочество» және «Отель Гранд Будапешт» бар. Алғашқысы үздік драмалық желі мен режиссура үшін марапатталды. Екіншісі үздік комедия деп танылды. Бұқаралық ақпарат құралдары жазғандай, марапаттау барысында жиналғандар Францияда терактіден қаза тапқандардың рухына тағзым етті.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ