$518.34 €607.91 ₽6.66
×

Шошқа өсіретін қожалықтың иесі қоршаған ортаға келтірген залалы үшін 1 млн теңге айыппұл төлейтін болды

AstanaTV
13.01.2015ж. 10:00
1497
Шошқа өсіретін қожалықтың иесі қоршаған ортаға келтірген залалы үшін 1 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Шығыс Қазақстанда шошқа өсіретін қожалықтың иесі қоршаған ортаға келтірген залалы үшін 1 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Мұндай шешімді әкімшілік сот шығарды. Экология департаментінің мамандары шаруадан 470 млн теңге талап еткен еді. Олар шошқалардан келген залалды осынша қаржыға бағалаған. 

Табиғат жанашырлары  талпақ танаулардың нәжісінің қауіптілігін бірінші санатқа жатқызды. Ал біздің арнаға берген сұхбатында шаруашылық иесі барлық шошқасын сатса да, 500 млн-ға жуық сомманы жинай алмайтынын айтып ағынан жарылды. Фермерді ұлттық кәсіпкерлер палатасы жақтап, қолдау білдірген.

Игорь Шацкий. ШҚО Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры:

«Олар үлкен есеп жасап, қыруар айыппұл салғысы келді. Дегенмен сот өз шешімін шығарды. 470 млн-ның орнына 1 млн. Демек, 469 млн. теңге мемлекеттік органның, кәсіпкердің тірлігіне негізсіз араласуынан шыққан сомма деуге болады.

Ал облыстық экология департаментіндегілер соттың шешімін  қайта қаратуға өтініш беруге асықпайды. Экологтардың айтуынша, шаруа шошқалардан түскен қалдықты арнайы орынға емес, сайға төгіп келген.

Дмитрий Карвигин ШҚО экология департаментінің жетекшісі: 

«Соттың барлық деңгейінде департаменттің әрекеті заңды деп танылды. Ал айыппұлдың толық көлемде төленбеуіне заңға енгізілген өзгерістер әсер етті. Бұл жерде Кавригин жұмыс істей ме, жоқ па ол жағдай департамент жұмысының заңдылығына әсер етпейді. Сондықтан түсініксіз амбициялар бар сияқты».

Айгүл ӘДЕПБАЙ