Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев енді айыпталушы емес,
күдікті ретінде сотқа тартылады. Жемқорлық іске қатысы бар деп айыпталып келген
бұрынғы шенеунікке қатысты мұндай қаулыны мемлекеттік қызмет істері мен
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тергеушісі шығарды.
Ал, Қазыбек би аудандық соты Әбдішевті қамау шарасын тағы бір айға созу
туралы шешім шығарды. Бұл жөнінде Интерфакс-Қазақстан хабарлайды. Сот қаулысын
жария еткен судья Еркеш Маукен, бұл қадамға бару себебін түсіндірді.
Айтуынша, жауапкерге қатысты қосымша құжаттарды жинауға уақыт тығыз болған.
Тергеушілердің дәлелдерімен танысқан сот, олардың өтінішін қабылдап, экс-әкімді
23-ші ақпанға дейін қамақта ұстауға шешім шығарған.
Айта кетейік, Бауыржан Әбдішевті
өткен жылдың 23-ші қыркүйегінде тергеу изоляторына жеткізілген болатын.
3 күннен кейін сот шешімімен қамауға алынған. Бұрынғы шенеунік қызмет бабын
асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.
Т. ОСПАНБАЕВА