$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Прокурорлар Петропавлда ондаған жетім баланың мемлекет тарапынан берілуі тиіс баспанадан қағылып келгендігін анықтады

AstanaTV
13.01.2015ж. 13:00
1058
Прокурорлар Петропавлда ондаған жетім баланың мемлекет тарапынан берілуі тиіс баспанадан қағылып келгендігін анықтады

Петропавлда ондаған жетім бала мемлекет тарапынан берілуі тиіс баспанадан қағылып келген. Прокурорлар осыны анықтады. Олар жүргізген тексеру нәтижесінде психоневрологиялық интернат тәрбиеленушілерінің ортақ пәтер кезегіне тұрғызылмағаны белгілі болды. Аталған мекемеде оқитын 69 баланың қырық жетісі ата-ана қамқорлығынсыз қалған.

Оқушылардың жеке мүлкі болмағаннан кейін, заңға сәйкес қамқоршылар оларды мемлекеттік баспана кезегіне қоюы тиіс болатын. Бұдан бөлек, 5 балаға алимент те төленбепті. Оны өндірумен айналысатын тұлғалар бірнеше жыл қатарынан салғырттық танытып келген. Тексеріс жұмыстары барысында балаларды емдеу бағытында да бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды.

Қайсар Әбішев, Петропавл қаласының прокуроры:

Балаларды оңалту жоспарларында біраз шикіліктер әшкере болды. Дәрілердің бірнеше түрі берілмеген, ортопедиялық ұлтарақтар да жоқ. Жалпы аталған құқық бұзушылықтар үшін психоневрологиялық интернат басшылығы тәртіптік жауапқа тартылады. Қазір анықталған ақаулар бірте-бірте жойылып келеді. Айта кету керек, бүгінде интернаттың 47 тәрбиеленушісі ортақ пәтер кезегіне тұрғызылды.

Абзал КУРМАНКИН






orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах