$539.54 €637.09 ₽6.52
×

Батыс Қазақстанда электр желілерінің мұз қатуынан келген шығын есептелуде

AstanaTV
13.01.2015ж. 20:00
Батыс Қазақстанда электр желілерінің мұз қатуынан келген шығын есептелуде

Оралда толассыз жауған қар энергетиктерді тағы да әуре-сарсаңға салды. Ақ ұлпаның салмағын көтере алмаған электр желілері үзіліп, үш аудандағы онға жуық елді мекен, бұған қоса қаладағы бірнеше көше тағы жарықсыз қалды. Бұл жайында «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компанияның» өкілі Тілек Харин айтты. 


Дегенмен, тәулік бойы тынбай тер төккен жарыққа жауаптылар жағдайды қалпына келтірді. Қазір резервтік желілерді жөндеуге кіріскендерін айтады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, желтоқсанның соңғы онкүндігінде Батыс Қазақстанда электр сымдарына мұз қатып, 30 мыңнан астам отбасы жарықсыз қалған еді. Қазір энергетиктер осы төтенше жағдайдан келген шығындарды есептеуге кірісті.

Тілек Харин, «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ бөлім басшысы:

Қазіргі алдын ала есеппен, 92 миллиондай есептелді. Комиссия соны қарап жатыр дәлелдеу үшін. 905 бағана, сосын 36 тоннадай сым. Тек жұмыс кірмейді. Жұмыс деген мына РЭК-тің күшімен жасалады, тек қана материалдық шығындар есептеледі.

Еркін КАРИН