$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкенттегі ет сатушылардың шуы басылмай тұр

AstanaTV
14.01.2015ж. 10:00
2487
Шымкенттегі ет сатушылардың шуы басылмай тұр

Шымкентте ет сатушылар тағы да шу шығарды. Бұл жолы Орталық қырғы базарда жылқы малының өнімін сататын бір топ кәсіпкер базар басшылығы ұсынған өнімді сатудан бас тартып отыр.

Етті көрген сатушының сөзі:

Бұл сапасы нашар ет. Біз сататын мал емес. Мынау деген арзан малдың еті, яғни шындап келгенде бұл колбасныйдың еті.

Базар қожайындарымен келісім шарт жасасып, мал бордақылаушылардың әкелгенін көрген сатушылардың пікірі осындай. «Оның үстіне сапасына қарамай бағасы тым қымбат»,- дейді кәсіпкерлер. Олардың есебінше жаңа серіктестің бағасымен пайда көрмек түгілі, қарыз қордалан ады. «Сапасыз өнім ұсынып тұрақты алушыларымызды да жоғалтып аламыз»,-деген күдік басым екенін жасырмайды. «Осы уақытқа дейін тұрақты алып келген адамдарымыздың етін базарға кіргізбей жатыр», - дейді.

Әркімнің өз қасапшысы бар.Өзіміздің малымызды сатамыз. Мысалы, бір қасапшымыздың үйінде 20 жылқы бар. Оны бізге кіргізіп сатқызбайды. Біз сонда жиырма жылқыны қайда апарып сатамыз?! Мысалы, 1250-ден алып жатырмыз ба, олар бізге 1300-ден бермекші. Сонда халыққа қаншадан сатамыз.

Жамал Ермаханова, саудагер:

Олардың рұқсатынсыз мүлде мал кіргізілмейді дейді. Біз негізі малды кіргізгенде де лаборотория арқылы талапқа сәйкес кіргіземіз. Ешқандай жаман мал кіріп жатқан жоқ. Бәрі лаборотория арқылы тексеріліп, экспертиза жасап болған соң барып кіреді. Олар бізге: «біз халыққа таза мал өткіземіз», - дейді. Біз де таза мал өткізіп жатырмыз.

Ал сауда орны басшылары болса: «бұл амалдан халық та, саудагерлер де ұтпаса ұтылмайды»,- деді. Олардың пайымынша, осындай келісім арқылы әкелінген мал, ұрлық, ауру малдардың саудаға шығып кетуіне тосқауыл болатын көрінеді. Ал бүгінгі шу әлдекімдердің арандатуы деп санайды.

Серік Ұзақбаев, Шымкент қаласы «Орталық қырғы базар» АҚ құрылтайшысы:

Біз бүгінгі таңда біреудің етін сат деп ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Бұл бүгінгі таңның заңына сай келмейді. Осы күнге дейін ет алып кеп жүрген бір топ адамдардың налаженный бизнесін бұзып жатырмын -ау, деймін. Содан кейін ғой халықтың бәрін көтеріп жатқаны.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ