$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Қытайда бензин бағасы тағы да арзандамақ

AstanaTV
14.01.2015ж. 10:00
1156
Қытайда бензин бағасы тағы да арзандамақ

Қытайда бензин бағасы тағы да арзандамақ. Өткен аптада бензин мен дизельді отын бағаларын реттеу жұмыстары аяқталды-дейді Ройтерс ақпар агентігі. Естеріңізге сала кетелік, 2013-жылдың наурыз айында бұл елде мұнай өнімдерінің бағасын реттеудің жетелдетілген механизмі енгізілген болатын.

Осы бастамаға сай, ел ішінде сатылатын отын бағасы әрбір он күн сайын реттеліп отырады. Бұл ретте әлемдік нарықтағы мұнай бағасы да ескеріледі. Сарапшылардың есебінше, бензин бағасын реттеу шараларын қолданудың кесірінен Қытайдың көптеген провинцияларында отынның әр литрі 5 юань немесе 80 центке жетуі мүмкін.

Егер қарапайым қытайлықтар үшін жанармай құнының арзандауы қолайлы болғанымен, ел билігі жүргізіп отырған экономикалық қайта құрылымдау мен қуат тұтыну құрылымын реттеу жұмыстары үшін бұл арзаншылық пайдалы болмайтын түрі бар.

Ерлан КАРИН