Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстанның төрт аймағында бұрқасын салдарынан кешеден бері жолдар жабық

AstanaTV
14.01.2015ж. 10:00
2614
Қазақстанның төрт аймағында бұрқасын салдарынан кешеден бері жолдар жабық

Елдегі ауа райына кезек берсек. ІІМ-нің ТЖ комитеті таратқан ақпаратқа сай, Қазақстанның төрт аймағында бұрқасын салдарынан кешелі-бері жолдар жабық. Атап айтар болсақ, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында көліктің барлық түріне шектеу қойылған. Сондай-ақ, Қостанай облысында да қатты боран салдарынан бірнеше бағыттағы автокөлік жолдары жабылды.

Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 20-25 метрге жеткен. Төтенше жағдай мамандары, ауа-райының қолайсыздығынан зардап шеккен адам жоқ,-деп мәлімдеді. Синоптиктер, ақ түтек бұрқасынның дәл бүгін басылмайтыны жөнінде болжам жасап отыр.

Сондықтан төтенше қызмет өкілдері облыс тұрғындарын алыс жолға шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Құтқарушылар:«боран бәсеңдегенше күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп, жағдайды толық бақылауда ұстауға тырысамыз», - дейді.

Зәмзәгүл Айдарбекқызы, Қостанай облыстық ТЖД баспасөз хатшысы: 

Қостанай облысының 7 ауданында қазір  құтқару операциялары жүргізіліп жатыр.14- қаңтарға да жаңағы синоптиктердің болжамымен дабылды ескерту жарияланып, кейбір жерлерде  желдің жылдамдығы секундына 20-23, күндіз секундына 15-20- ға дейін күшейетіндігі туралы айтылып, хабарланды.

Заңғар САНАЙ