$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Жұмыссыз азаматтар, енді мемлекет қазынасына салық төлеуге міндеттеледі

AstanaTV
15.01.2015ж. 10:00
763
Жұмыссыз азаматтар, енді мемлекет қазынасына салық төлеуге міндеттеледі

Беларусь билігі жатып ішерлерге салық енгізбек. Бұл туралы ИНТЕРФАКС агенттігі президент әкімшілігі басшысының орынбасары Валерий Мицкевичке сілтеме жасап жазды. Тың бастама жайында, ел Президентінің халықты еңбекпен қамту туралы заң жобасында қарастырылған.

Осылайша «екі қолға бір күрек таппаған» азаматтар, енді мемлекет қазынасына салық төлеуге міндеттеледі. Төлем шамамен 240 долларды құрамақ. Заң қабылданған күннен бастап, жұмыссыздар жылына бір рет төлем жасайды.

Ал заңға бағынбағандар қатаң жазаға ұшырамақ. Александр Лукашенконың сөзінше: «жатып ішерлер мен арамтамақтар жұмыс істеуі тиіс». Жаңа заң жуырда президенттің кеңесінде талқыланды. Енді құжаттың кей тұстары пысықталып, жақын арада қабылдануы тиіс.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ


 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах