Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда екі атом электр стансасы салынады

AstanaTV
15.01.2015ж. 13:00
1127
Қазақстанда екі атом электр стансасы салынады

Қазақстанда екі атом электр стансасы салынады. Мұндай ақпаратты  "Қазатомпром"  басшысы Нұрлан Қаппаровқа сілтеме жасап «Капитал.kz» таратты. Қаппаровтың айтуынша АЭС-тің бірі Курчатовта, екіншісі Балхашта бой көтермек.

Курчатовтағы құрылысқа Росатом серіктестік етсе, екінші станцияға серіктес болатын тарап іздестірілуде. Десе де, Росатоммен әлі нақты келіскен жоқ. Ресей мен Қазақстан арасында уағдаластық өткен жылдың желтоқсанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеу сапары кезінде жасалады деп күтілген. Ресей тарапы қажетті құжаттарды дайындаған-ды.

Алайда біздің тарап сол кезде барлық ведомстоаралық келісімдерді рәсімдеп үлгермеген. Енді бұл келісім 2015 жылдың бірнші жарты жылдығында жасалады деген сенім бар. Нұрлан Қаппаров құрылыс жұмыстары әлі нөлдік деңгейде екенін мәлімдеді.

Команда құрып, тәжірибесі бар мамандарды жинағанша, шамамен 6 немесе тіпті 10 жыл қажет екенін ашық айтты. Еске салайық, Қазатомпром ұлттық компаниясы Қытаймен де атом энергетикасы жайында стратегиялық серіктестікті мақұлдаған болатын.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА