Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

2022-ші жылғы Қысқы Олимпиаданы Алматыда өткізуге экология қолбайлау болуы мүмкін

AstanaTV
15.01.2015ж. 13:00
686
 2022-ші жылғы Қысқы Олимпиаданы Алматыда өткізуге экология қолбайлау болуы мүмкін

2022-ші жылғы Қысқы Олимпиаданы Алматыда өткізуге экология қолбайлау болуы мүмкін. Бұл туралы мәслихат депутаттары мен қоғам қайраткерлері мәлімдеді. Осы күні қысқы олимпиада ойындарын өткізуге үміткер қалалардың қатары сейілген. Халықаралық беделді сайысты өткізуге таласқан шайқастың ширек финалына  екі шаһар өтіп отыр. Олар Алматы мен Бейжің.

Егер Алматы қаласының өтініші мақұлданса, Қазақстан  посткеңестік елдер арасында алғаш болып Олимпиада өткізген елге айналады. Ал, Қытай елінің өтініші мақұлданса, Бейжің жазғы және қысқы Олимпиада ойындарын қабылдаған әлемдегі тұңғыш қалаға айналмақ. Халықаралық Олимпиада комитеті ақпанның 14-і мен 18-і аралығында Алматының жағдайын бағалауға келуі тиіс.

Павел Беклемишев, Алматы қалалық мәслихатының депутаты:

Қазір қалада экологиялық мәселелер жетерлік. Әсіресе, шаһарда көк түтіннің мөлшері көп екенін күнде көреміз. Бірақ, 8 жыл ішінде бұл мәселенің шешімін табуға болады. Түтінді түгелімен жоймасақ та, мөлшерін азайтуға болары сөзсіз. Бұл біздің қаланың абыройына нұқсан келтіріп тұрғаны шындық.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ


Алдыңғы жаңалық