Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бүгін Индонезия билігі жоғалған ұшақты іздестіруді қайта жалғастырды

AstanaTV
15.01.2015ж. 13:00
879
Бүгін Индонезия билігі жоғалған ұшақты іздестіруді қайта жалғастырды

Құтқарушылар Ява теңізі түбіне құлаған ұшақтың тұмсығы мен бір қанатын тапты. Рейтерс агенттігі хабарлағандай, бүгін Индонезия билігі жоғалған ұшақты іздестіруді қайта жалғастырды. Дегенмен іздестіру шараларына қатысатын кеме саны азайған. Бас аяғы 48 жолаушының денесі табылды.

Бортта барлығы 162 адам болған еді. Күні бұрын теңізден ұшақтың қара жәшігі алынып, Джакартаға жеткізілген. Сарапшылар оны зерттеуге кірісті. Еске салайық, 28 желтоқсанда  Сурабаядан Синпагурге ұшқан АirAsia әуе компаниясының ұшағы көкке көтерілген соң, 40 минуттан кейін жоғалып кетті. Ол уақытта ұшақ теңіздің Борное аралы аумағында болған.

Мөлдір ДЮСЕКИНА