Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтауда жаңа көліктер уақытша тоқталды

AstanaTV
16.01.2015ж. 10:00
813
Ақтауда жаңа көліктер уақытша тоқталды

Ақтауда Кедендік Одақ елдерінде сатып алынған көліктерді тіркеу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды жергілікті «Лада» газеті. Басылымға «бірнеше қала тұрғыны Ресейден сатып алған көліктеріне құжат рәсімдей алмай жатқандарын» айтып шағымданған.

Олар:«көлікті рәсімдеу бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа көлікке Қазақстанның арнайы сертификатын талап етуде.

Ал, бұл құжатты қайдан алынатынын ешкім білмейді»,-дейді. Көлікті рәсімдеу бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының бас маманы Арман Мұсабаевтың хабарлауынша, 1- қаңтардан бастап Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінен сатып алынған темір тұлпарларға ЕВРО-4 экологиялық стандарты және көліктің шыққан жылы сынды шектеулер алынып тасталды.

Сондай-ақ,«бұған дейін сертификат орталығынан алынатын, «экологияға қауіпсіз» деген сертификат талап ететін едік. Енді ол қажет емес. Есесіне транспорт құралының қауіпсіздік құрылымы туралы куәлік болуы тиіс. Бірақ бұл құжатты кім беретіні әзірге белгісіз.

Сондықтан жаңа көліктерді тіркеуді уақытша тоқтаттық»,- дейді қызмет көрсету орталығының бас маманы.Алайда, Ақтаудағы сертификаттау орталығы ЖШС-терінің бірінің өкілі берген мәліметке сәйкес, Кедендік Одақтан келген көліктерден арнайы сертификат та, көлік құрылысының куәлігі де міндетті емес.

Абзал КУРМАНКИН