Ресейден көлік әкелген қостанайлықтар да, құжат түгендеуге келгенде қиындыққа тап болып отыр. Қостанай облысының жергілікті басылымдарды осылай деп жарыса жазуда. Алайда біздің аймақтағы тілшілеріміз мәселенің мәнісі басқада екендігін анықтады.
Көрші елден көлік алған Қостанайлықтар емтихан және тіркеу жұмыстары жөніндегі бөлімнің табалдырығын тоздырып жүр. Осында
келген 30-ға жуық адам «көлік алғанмен қаңтарып қоюға мәжбүр екендерін айтып» ашынды.
Өйткені, Заңға сәйкес Ресей тарапынан анықтама қажет. Анықтаманы айлап күткендері де бар. Облыстық ішкі істер департаменті Ресей еліне көлік жайында деректерді нақтылауға жіберген. Ал көрші елде мерекелерге орай демалыс күндері мұндай құжаттар көбейгендіктен, сұранысты дер кезінде қанағаттаныра алмай жатқанға ұқсайды.
Көлік иелері бұл жағдайға түсіністікпен қарайтын сыңайлы. Қазір облыстағы барлық тіркеу бөлімдері күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуге көшкен. Сонда да ұзын-сонар кезек азаяр емес. Тек желтоқсан айында Қостанай облысында 5 мыңнан астам шетелдік көлік тіркелді дейді - полиция қызметкерлері.
Юрий Панасенко, Қостанай облыстық ІІД ӘПБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор:
Қостанай мен Рудныйдағы барлық тіркеу
бөлімдері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Тіпті, көлікті тіркеу барысын
тездету мақсатында қызметкерлер құжат
қабылдау уақытын ұзартып, ұзын-сонар
кезекті азайтуға атсалысуда.
Заңғар САНАЙ