$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Франция президенті әлемдегі барлық мұсылмандарды фанатизмнің және фундаментализмнің құрбандары деп атады

AstanaTV
16.01.2015ж. 10:00
1001
Франция президенті әлемдегі барлық мұсылмандарды фанатизмнің және фундаментализмнің құрбандары деп атады

Франция президенті Франсуа Олланд әлемдегі барлық мұсылмандарды фанатизмнің және фундаментализмнің құрбандары деп атады. Бұл туралы «Agence France-Presse»  хабарлайды. Франция лидері бұл сөзді «Араб әлемінің өркендеуі» атты халықаралық форум барысында айтқан.

Президенттің пікірінше, радикалды исламшылдық пиғылдар теңсіздікке қатысты шиеленістер салдарынан тараған. Бұдан басқа, Олланд Франция халқының бостандық пен демократиядан еш уақытта бас тартпайтындығын алға тартып, жергілікті мұсылмандарды «тұрып жатқан мемлекетті сыйлауға» шақырды.

Айта кетейік, 7-9 қаңтарда болған терактілер нәтижесінде Парижде 17 адам  бақилық болған. Исламды насихаттаушы француздардың, елдің барлық азаматтары сияқты  құқық пен міндеттері бар. Олар қорғалуы тиіс. Терроризмнің алдында бәріміз бірдейміз.

Жұрағат БАМАН