Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша бірқатар оңды өзгерістер бар

AstanaTV
16.01.2015ж. 13:00
831
Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша бірқатар оңды өзгерістер бар

Мемлекет бизнеске жеңілдіктер жасауды жалғастыра бермек. Бұл туралы журналистермен кездескен ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мәлімдеді.

Бизнес ассоцияциясы төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаеваның айтуынша, кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша бірқатар оңды өзгерістер бар.

Мәселен, заңдағы жаңа өзгертулер жасаудың  арқасында рұқсат беру құжаттарының саны азайып, кәсіпкерлерге талап жеңілдеген. Сондай-ақ, өңірлерде кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық ашылмақ.

Айта кетейік, жыл басында бизнес иелеріне мемлекеттік қолдау көрсету бойынша комиссия құрамы ауысты. Оған басым бөлігі бизнес саласында жүрген адамдар мүше болып қабылданды.

Нұржан Әлтаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер басқарма төрағасының орынбасары:

Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсету туралы шешімді аймақтық үйлестіру кеңестері қабылдайды. Осы орайда біз облыстық әкімдіктермен кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету бойынша комиссия құрамына бизнес саласындағы адамдар тартылсын деген келісімге келгенбіз. Биыл комиссиядағы бизнес және кәсіпкерлік өкілдерінің саны ұлғайтылмақ.

Жұрағат БАМАН