Астана мен Алматыда «Әуе таксилері» пайда болды. Ерекше қызмет түрін
«Astana Business Aviation» компаниясы ұсынып отыр. Бұл туралы компания
директоры Қайсар Шыныбаев мәлімдеді.
Тіқұшақпен ұшып өту құны 300 мың мен 800 мың теңге аралығында. Баға ұшу
мерзімі мен жолдың ұзақтығына қатысты өзгеріп отырады.
Компанияда Қазақстанда құрастырылған 16 еврокоптер мен жеті ресейлік МИ-8
және үш американдық «Robinson» модельді тікұшақтары бар. Қызметін ұсынғалы бері
әуе таксилері 10 рейс жасаған.
Айгүл ӘДЕПБАЙ